«Алтын микрофон – 2019″: іріктеу кезеңі басталды

Қостанайда халықаралық «Алтын микрофон» балалар вокалдық байқауына облыстық іріктеу басталды. Үміткерлердің үздігін саралау кезеңі төрт күнге жалғаспақ.my-vmeste
– Халықаралық байқауға бүгінге дейін 140-тан астам өтініш келіп түсті. Іріктеу кезеңі 31 наурызға дейін жалғасады. Биыл ән сайысына Италия, Беларусия елдерінен қонақтар келді. Іріктеуден сүрінбей өткендердің өнерін жартылай сында арнайы мамандар бағалайтын болады. Келесі кезең сәуір айының 19-21 аралығында өтеді деп жоспарланып отыр. Музыка өнеріне құштар барлық қостанайлықты сәуір айының 19 күні халықаралық байқауды тамашалауға шақырамыз, – деді облыстық халық шығармашылығы орталығы директорының орынбасары Жанар Жүкеева.
Ән сайысына 5-17 жас аралығындағы жеткіншектер қатысады. Балғын өнерпаздардың дарынын шыңдап, кішкентай жұлдызды танытуға мол септігін тигізетін “Алтын микрафон” байқауының ауқымы кеңейіп, өткізілу деңгейі жоғарылап келеді. Үміткерлердің саны жыл сайын арта түсуде. Өнер байқауына қатысуға биыл облысымыздың аудан-қалаларынан 140-тан аса өтініш келіп түскен. 
 
Әсел Қибаш

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓