Балағаттаймын деп бәлеге қалма

Енді қоғамдық орында аузыңызға ие болып жүресіз. Себебі, бақылаусызда балағат сөз айтып қалатын болсаңыз бір айға қамауға алынып, айыппұл арқалайтын боласыз. Айыппұл көлемі 69 000 теңге, ал қамауға алу 5 күннен 30 тәулікке дейінгі аралықта. Сондықтан ауыздан шыққан әр сөзге абай болуға тура келеді.
Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция департаменті басшысының орынбасары Азамат Құрымбаев егжей-тегжейлі түсіндірген.
«Жаңа редакцияда қоғамдық орындарда дөрекі сөздер айту, жеке тұлғаларды балағаттау және жәбірлеу, ғимараттарды, құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, қоғамдық орындарды, көліктегі және қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау және басқаларға құрметсіздікті білдіретін осыған ұқсас әрекеттер жасалатын болса, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын ұсақ бұзақылық деп саналады. Қазіргі уақытта ұсақ бұзақылық үшін сот 5 АЕК (17 250 теңге) көлемінде айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу түрінде жаза тағайындалған. Енді айыппұл 20 АЕК (69 000 теңге), қамауға алу 5 күннен 30 тәулікке дейін ұзарды», – деген ол.
Түзетулер наурыз айының басынан бастап күшіне енетін болады. Бұл жаңалыққа қазақстандықтар түрлі пікір айтып, қалжыңға айналдыруда. Балағаттаймын деп басыңызға бәле тілеп алмаңыз.
 
Айтолқын АЙҚАДАМОВА.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓