Баға билік бақылауында

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов жәрмеңкенің жаңа орнын аралады. Қостанай қаласының әкімдігі жылдың соңғы екі жәрмеңкесін ғылыми-зерттеу институтының бұрынғы көрме залында өтетінін хабарлаған болатын. Тек мекені ауысты демесеңіз, сенбілік сауда-саттық әдеттегі кейпінен жаңылмады. Кісі қарасы мол, азық-түлік те жеткілікті. Облыстың 12 ауданынан жиналған саудагерлер бас-аяғы 100 тоннандан астам өнім әкелді.DSC_0250
DSC_0271
Елең-алаңнан жәрмеңкеге жиналған қостанайлықтар баяғыша жұмыртқа мен сұйық майға, қант-шәй мен көкөністерге ұзын-сонар кезек құрды. Сондай-ақ, бұл жолғы жәрмеңкеде ет сатушылардың табысы молынан болды. Соғым уақыты таяған сайын қалалықтар жәрмеңкені асыға күткендері байқалып-ақ тұрды. Жылқы мен сиыр еті әп сәтте өтіп кетті. DSC_0251
DSC_0249Жәрмеңкенің барысын қадалаған өңір басшысы орынбасарларына бағалардың құбылмауын тапсырды. Өйткені сатып алушылар арасынан бағаның тұрақсыздығына наразылығын білдіргендер де табылды. DSC_0278
-Азық-түлік құны әдеттегі нарықтан біршама арзан болуы керек. Әйтпесе, жәрмеңкені неге ұйымдастырамыз? Бұның бәрі қарапайым халықтың қалтасына тиімді болып, ақшаларын үнемдеу үшін жасалып отыр. Мәселен, мен келушілердің жұмыртқаны қалай алып жатқанын көрдім. Барлығы таласып жүгірп алуда. Халыққа ең керекті өнімдерді арзан бағамен неге сатпаймыз? Біздің облыс бойынша тауық жұмыртқасын шығаратын зауыттар жетерлік. Біз оларға демеу көрсетіп, мемлекет тарапынан қаржылай көмек беріп отырмыз. Сондықтан баға мәселесін мықтап тұрып қолға алыңдар,-деп тапсырма берді облыс әкімі.DSC_0280
DSC_0255

-Бүгінгі таңда тұрақтандыру қорында 544 тонна қант, 244 тонна сұйық май, 90 тонна сиыр еті бар. Сондай-ақ, 500 тонна картоп сақтаулы. Егер аздық етсе, Қостанай қаласының маңында азық-түлік қоймасы бар. Сондықтан ешнәрсеге алаңдамауға болады,- деді А.Мұхамбетов.
DSC_0297
DSC_0259
DSC_0261
DSC_0263
DSC_0256
DSC_0258
DSC_0301
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген автор

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓