Коммуналдық кәсіпорындар 764,6 млн теңгенің шығынына батқан
Бүгін аппараттық жиналысыта жылу маусымының аяқталуы жөнінде энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Хайдар Қамбаров мәлімдеме жасады.
Оның айтуынша 2014-2015 жылдары өңірдегі жылу маусымы ойдағыдай өткен. Барлығы штаттық кестеде жұмыс істеп газ, су, жылу, электр энергиясы қызметтері жоспарлы түрде міндетін атқарған.
Арқалық, Жітіқара,Рудный, Лисаковск қалалары мен аудандарымызда айтарлықтай оқыс оқиғалар тіркелмепті.
Басқарманың әрдайым жүргізген мониторингіне сай мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындарға шығын көлемі едәуір артқан екен. Өткен жылдың нәтижесінде коммуналдық кәсіпорындар 764,6 млн теңгенің шығынына батқанын көрсетті. Әсіресе, Меңдіқара ауданындағы «Таза бұлақ» МКК сонау 2011 жылдан бері әлі бейімделу үстінде екен.
Биылғы жылдың 27 ақпанындағы дерек бойынша өңір тұрғындарының көрсетілген қызмет түрілеріне қарызы 205,6 млн теңгені құраса, соның 44,4 млн.теңгесі әбден сенімсіз қордаланғаны екен. Қайта, өткен жылдармен салыстырғанда бұл қаражат 60,4 млн. теңгеге сәл төмендегенін жеткізді.
– Бұл әрине, тарифке де тікелей қатысты дүние. Осы мәселе біржақты шешілуі қажет. Десек те, бұрнағы жылдардан гөрі сәл өзгерістің лебі анық сезіледі. ТКШ –ны жаңғырту бағдарламаларын тағы мықтап қолға алып, монополиялық комитетпен біріге отырып жылу есептегіш құралдарын енгізу әрі қоюы үшін халыққа ақпаратты насихат жұмыстарын жүргізуді тапсырамын,- деп мәжілісті қорытты облыс әкімі.
Нұрболат Мешітбаев