Аудандық конференция
Жанкелдин ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өткен "Нұр Отан" партиясы Жанкелдин аудандық филиалының кезекті ХVII есеп беру сайлау конференциясына аталмыш партия төрағасы, аудан әкімі А.Кенжеғарин төрағалық жасады.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Р.Ахметжанов "Нұр Отан" партиясы аудандық фи-лиалы саяси кеңесінің 2013-2014 жылдары атқарылған жұмыстары туралы есеп берді.
Жарыссөзге шыққан Торғай ауылының әкімі Ғ.Сүндетбаев, жұмыспен қамту орталығының директоры Т.Нүретден, балабақша меңгерушісі Г.Әбдіғапарова және Т.Жангелов партиялық доктринаның қағидаттарына сүйене отырып, оның маңыздылығы мен ерекшелігіне тоқталды.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ.
Жанкелдин ауданы.