Үздіктер қатарында

Алматыда өткен республикалық "Үздік әдіскер" байқауында қостанайлық әдіскерлер үздіктер қатарынан көріне білді. Байқау тапсырмалары күрделі тапсырмалардан, атап айтқанда, талдаудан, сараптамадан, шебер-кластан тұрды.
әдіскерОблыс намысын қорғаған  Әлия Ахметқалиева, Елена Бритвина, Әсел Суворцева, Гүлнәр Өтегенова  бірінші тапсырмада "Әдіскер. Мамандық. Лауазым. Құрмет" тақырыбында эсселерін шешендік сөйлеу шеберліктерімен таныстырса, екінші кезеңде мамандықтарының негізгі тұғырнамасы мен бағыт-бағдарын анықтайтын, сыни тұрғыдан ойлау, 12 жылдық оқытуға жаңа даярлық, ғылыми-әдістемелік жобалар, дуалдық оқыту бойынша шеберлік кластар өткізіп, қорғады. Нәтижесінде әдіскерлеріміз, Әсел Суворцева бірінші, Елена Бритвина екінші, ал, Гүлнәр Өтегенова мен  Әлия Ахметқалиева үшінші орындарды жеңіп алды.
Гүлназым
    САҒИТОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓