Цифрландыруға басым бағыт

Өңірімізге ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дмитрий Малахов және Агенттік төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында олармен аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов кездесу өткізіп, бірқатар мәселелерді талқылады. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.
Жергілікті атқарушы органдар ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Бұл жоспар 43 тармақты қамтиды.
Сондай-ақ отырыстары тоқсан сайынғы сипатта болатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссиялар өз жұмысын жүйелі негізде жүзеге асырады.
 «Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін цифрландыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
«Adaldyq alańy» жобасы бойынша 2020 жылы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру деңгейі 92%-ға жеткенін атап өткім келеді, жалпы, халықаралық стандарт бойынша бұл көрсеткіш 90%», – деді А.Мұхамбетов.
Отырыс қорытындысы бойынша өңір басшысы ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында жұмысты жалғастыруды тапсырды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓