Тәжірибелерімен бөлісті
Қостанай қаласындағы Зияткерлік мектебінде қалалық, аудандық білім бөлімдері және облыстық білім басқармасының әдістемелік кабинеттердің әдіскерлеріне, сондай-ақ, мектеп директоры орынбасарларына арналған облыстық семинар өтті.


Руза Ташенова, Галина Вартаньян сынды NIS оқытушылары WALS халықаралық конференциясына қатысудағы жеке тәжірибелерін ортаға салды. Әйгерім Хайдарова, Марал Әліқұлова, Арайлым Сарина және Қаракөзайым Нұрсұлтанова Назарбаев Зияткерлік мектептерінің халықаралық конференцияға қатысуы туралы өз ойларымен бөлісті. Директордың орынбасары Әмір Ажмұхамбетов «APA style» бойынша зерттеу нәтижелерін ресімдеуге қойылатын талаптарды таныстырды. Оқу орынның ұстазы Салия Тоқтыбаеваның облыс педагогтерінің назарына ұсынылып, ғылыми зерттеулердің негіздері туралы айтылған «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өту тәжірибесі көпшілікті қызықтырды. NIS-тің тәжірибелі ұстаздары Меңтай Қозғанбаева, Гүлнар Едігенова, Юлия Злоба, Гүлнар Жармұхамбетовалар да жүргізіліп жатқан зерттеулер мен мұғалімнің зерттеушілік дағдыларын дамытудың құндылығын барынша жеткізуге тырысты.

Семинарға қатысушылар тәжірибелік тапсырмаларды қызығушылықпен орындап шықты, бұл олардың білімдері мен дағдыларын, зерттеу тәжірибесін жүйелеуге мүмкіндік береді.