Демалыссыз жұмыс істейді

 Шетелдік нөмірлері бар машиналардың иелері белгіленген рәсімдеу процедураларын өткізгенге дейін мамандандырылған ХҚКО-лар демалыссыз жұмысқа көшті.1526018416
1 ақпаннан бастап Қазақстанда ЕЭО елдерінен әкелінген автокөліктерді уақытша тіркеу бойынша акция іске қосылды.  Ақпан айында еліміздің барлық мамандандырылған ХҚКО-лары демалыссыз жұмыс істейтін болады, бірақ жексенбіде ол жерлерде тек қана көлікті уақытша тіркеуді рәсімдейтін болады.
Мекеменің жұмыс кестесін өзгерту уақытша тіркеуге жататын машиналарға баратын қазақстандықтарға бір ай мерзім ішінде барлық қажетті процедуралардан өтуге мүмкіндік беруге шешім қабылдады.  «Азаматтарға арналған үкімет» МК баспасөз қызметі хабарлағандай, 1-29 ақпан аралығында елдегі барлық мамандандырылған ХҚКО-ның жұмыс тәртібі бұрынғыша   09.00 – ден 20.00-ге дейін істейді.  Мамандандырылған қызмет көрсету орталықтарында тек ЕАЭО елдерінен машиналарды уақытша тіркеуді рәсімдейтін болады.
Облыстық полиция департаментне қарасты процессингтік  орталық өкілі Райымбек Мұқашевтің айтуынша, акция басталғалы мамандандырылған ХҚКО-ына 100-шақты көлік иесі кеңес алу үшін жүгінген. Жүргізушілер өздерінің көліктерін тіркетуге асығар емес. Арнайы өкіл бүгінге текті еліміз бойынша тек бір-ақ адам өз көлігін тіркеткенін айтады.
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓