ХҚКО-нан дербес несие есебін алуға болады
2014 жылғы желтоқсаннан бастап "Алғашқы несиелік бюросы" ЖШС және "ХҚКО" РМК жеке тұлғаларға дербес несие есебін ұсыну бойынша қызметін Қазақстанның барлық ХҚКО-ның 53 бөлімшелерінде жүргізуде. Дербес несие есебін жеке куәлігіңізді немесе паспортыңызды әкеліп, 15 минуттың ішінде алуға болады.
Несие есебін ұсыну бойынша пилоттық жоба осы жылдың шілдесінде Астананың Халыққа қызмет көрсету орталығының екі бөлімшесінде іске қосылды. Тұрғындар арасында үлкен сұранысқа ие болған осы қызмет Қазақстан бойынша ХҚКО-ның 53 бөлімшелеріне жіберу туралы шешім қабылданды.
Қарызгердің ондағы барлық несие міндеттері туралы ақпараты көрсетіліп, дербес несие есебін-дегі құжат өзімен ұсынылады. Оның ерекшелігі, қарызгердің өзінің мәліметтері көрсетіліп және әрбір несие бойынша нақты ақпарат – несиенің жалпы сомасы, несие мақсаты, несие бойынша кепілдеме туралы ақпарат, банктің немесе қаржы мекемесінің көрсетуімен несие туралы берілген мәлімет көрсетіледі.Сонымен қатар онда тұтынушының ерікті түрде банк қарызын өтеу туралы ақпарат: төлемді уақытында жасағаны, төлем жасау мерзімін өткізіп алғаны, және ол қай уақытта жабылғаны көрсетіледі. Бүгінде несие тарихы, қаржы төлқұжаты сияқты, банктер және несие мекемелері үшін несие туралы шешім қабылдауда бірден-бір құрал болып табылады.
Қостанай облысы тұрғындары әзірге дербес несие есебін екі ХҚКО-нан ала-алады. Айта кетерлігі аталған қызмет ақылы көрсетіледі. Тапсырыс беруші несие тарихын ХҚКО арқылы алу үшін алғашында 250 теңге, екінші рет 650 теңге төлеуі тиіс. ЭСҚ болса қызметке "электрондық үкімет" порталы арқылы тапсырыс беруге болады.
Әсел Маржақыпова.
ХҚКО ҚОФ қоғаммен байланыс менеджері.