Парақорлық азайған

Қостанай облысында ағымдағы жылы тіркелген парақорлық фактілерінің саны 2 есеге азайды. Егер 2019 жылы бұл көрсеткіш 60-қа тең болса, 2020 жылы ол 28 фактіге дейін төмендеген. Осындай статистиканы Қостанай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Қуаныш Бекбасов облыс әкімдігінде өткен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында айтты.кбк
Бекбасовтың айтуынша, мұндай мәліметтер, ең алдымен, азаматтар арасында жүргізілетін алдын алу жұмыстарының тиімділігін және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының жауапкершілік үлесін арттыруды көрсетеді. Облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы бүгінгі таңда қоғамдық бақылаудың жаңа нысандарын пайдалану және басқарушылық шешімдердің барынша ашықтығын қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті. "Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа "нөлдік төзімділікті" қалыптастыру үшін үнемі мақсатты ақпараттық және идеологиялық жұмыстар жүргізілуі тиіс", – деп қорытындылады Бекбасов.
Кездесуде төрағалық еткен Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу рәсімін жүргізуді жандандыру және өңірдің ірі ауылдық елді мекендерінде "Көмек алаңы" сервистік әкімдіктерін ашу курсын жалғастыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді. Оның айтуынша, бұл бастамалар облыстың мемлекеттік органдарының жұмысында адалдық, ашықтық және парасаттылық қағидаттарын одан әрі іске асыруға қызмет етеді.
 
Айтолқын АЙҚАДАМОВА

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓