Тәртіпті жүргізушілер таңдалды

Бұл да «Абайла, жаяу жүргінші!» шарасының шеңберінде мүмкін болды. Облыстық ІІД полицейлері қозғалысы көп қиылыстардың бірін бақылауға алып, соның нәтижесінде ең тәртіпті жүргізушілерге қошемет білдірілді.
Жыл басынан бері облыста жаяу жүргіншілер қатысуымен 76 жол көлік оқиғасы тіркеліп, апаттар салдарынан 7 адам көз жұмған. Тағы 75-і ауыр жарақаттар алған. Апаттың көбісі нақ осы мазмұнда болтынын алға тартады тәртіп сақшылары. Сондықтан бұл шара жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді ереже бұзбауға шақыруды көксейді.Одним из  вежливых водителей стал водитель автомобиля «Фольксваген» Владимир КАЛЬЯН
Шара түс мезгілінде бастау алды. Қаладағы ретке қойылмаған жаяу жүргінші жолдарының біріне 13.00-ден бастап арнайы бақылау қойылған болатын. Бұл жер – Гоголь көшесіндегі Қазақ-француз орталығы ғимаратының маңы. Аталған төңіректегі жүргіншілер өткелі бағдаршаммен реттелмесе де, көлік рөліндегілер жаяу жүргіншілерге ізеттілікпен жол беріп жатты. Полицейлер ең сауатты әрі тәртіпті жүргізушілердің тізімін құрды. Мәселен, тізімге алғашқылардың бірі болып Владимир Кальян есімді «Фольксваген» автосының иесі енді. Күтпеген жерден құрметке ие боларын ойламаған ол, мұндай акцияға алғаш рет тап келгенін айтты. Кәнігі жүргізушінің көлік тізгінінде жүргеніне ширек ғасыр өтіпті.
Полицейлер бүгін Владимир секілді 20 жүргізушіні саралап, оларға ескерткіш сыйлықтар, «Тәртіпті жүргізуші» жазбасы бар жапсырма қағаз және ЖЖЕ тәптіштелген буклеттер табыс етті.
 
Жандос Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓