ҰБТ-ға фитнес білезік пен смарт көзілдірік тағып баруға тыйым салынбақ
ҰБТ-ға фитнес білезік пен смарт көзілдірік тағып баруға тыйым салынбақ, деп хабарлайды informburo.kz

Еске салайық, бұған дейінгі тізімде пейджер, ұялы телефон, планшет, iPad, iPod, смартфон, ноутбук, плейер, модем (мобильді роутер), радио-электрондық байланыстың барлық түрі (Wi-Fi, Bluetooth, Dect, 3G, 4G, 5G), смарт сағат, калькулятор, құлаққап, шпаргалка, оқу-әдістемелік әдебиеттер болған.
Тестілеуге кіргізу барысында жоғарыда аталған заттар табылса, үміткер тестілеуге жіберілмейді.