Қамкөңілдерді құттықтай барды

Бүгін облыс әкімі Құмар Ақсақалов Қостанайдағы "Жанұя" отбасылық үлгідегі балалар ауылына және "Дельфин" балалар үйіне арнайы барып, балдырғандарды құттықтады.
Әр жаңа жыл алдында аймақ басшысының аталған мекемелерге кіріп шығуы дәстүрге айналған. Биыл да осы игі үрдіс жалғасын тапты. Құмар Ақсақалов қамкөңілдерді құттықтау лебізін айтып, жүрекжарды тілегін жолдап, бағалы сыйлықтар тарту етті. 
"Жаңа жыл – арман мен тілек орындалар ең ғажайып мереке. Құрметті балалар, әрдайым армандай біліңдер, алдарыңа нақты мақсат қоя біліңдер! Арман-тілектеріңе адал болсаңдар, ол міндетті түрде орындалады. Біз, ересектер, қалауларыңыздың жүзеге асуына әрдайым көмектесеміз", – деді облыс әкімі құттықтау сөзінде.Ол екі мекемеде де балалар әзірлеген мерекелік көңілді концертті тамашалап, жеткіншек-бүлдіршіндермен қол ұстасып, шырша түбінде шеңбер жасап айналып, қуаныштарына ортақтасты. Өзіне естелік сыйлар дайындаған балдырғандарды бауырына басып, олардың ортасына тұрып, естелік суретке түсті.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓