Жемісті жыл болғай!

Құрметті ағайын!
Санаулы сағаттардан соң жаңа 2023 жылға қадам басқалы отырмыз! Тобыл-Торғай өңірінде жаңалықтың жаршысына айналған «Қостанай таңы» газеті жаңа 100 жылдық кезеңге қадам басты. «Газет – халықтың үні, оқшау ойларын жеткізуші», алдағы жылда да халықпен бірге, тұрақты оқырмандарымызбен етене байланыста ел жаңалықтарын бөлісіп, маңызды ақпараттарды жеткізіп, бірлескен еңбек жолын жалғастырамыз. Жаңа жыл елімізге бірлік пен ынтымақ, әр шаңыраққа бақ-береке әкелсін, әрбір жаңа бастама мен игі істер жүзеге асып, ел үшін жемісті, нәтижелі болғай. 2023 жыл өкпе-ренішті артқа қалдырып, халқымыз үшін жайлы да табысты, отбасылық сүйіспеншілік пен сыйластықты нығайта түссін!

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓