Қостанайда жаңа жатақхана ашылды

Бүгін Қостанай қаласында заманауи Студенттер үйі ашылды. Салтанатты рәсімге облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қатысты.Студенттер үйі "Сервис КСТ" ЖШС компаниясының жеке инвестициялары есебінен салынды. Жобаның жалпы құны – 450 млн теңге.Жаңа жатақхана заманауи жиһаздармен, тұрмыстық техникамен, санитарлық тораптармен, спорт залымен, кітапханамен жабдықталған."Болашақта мұнда монша кешені мен минимаркет ашу жоспарланып отыр. Жатақхананың орналасуы барлық заманауи стандарттарға сәйкес келеді.
Студенттерге арналған осындай жайлы жатақхана үшін біздің жергілікті «Сервис КСТ» ЖШС компаниясына алғысымды білдіремін. Бұл – мемлекет пен бизнестің өзара тиімді ынтымақтастығының жақсы үлгісі, сондай-ақ жастардың болашағына үлкен капитал салу", – деп жазды өңір басшысы Instagram-парақшасында.Жатақхана ғимараты төрт қабатты, 206 орын бар. Айлық жалдап тұру құны – 20 мың теңге. Жаңа 15 жұмыс орны құрылған.
 
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓