Құмар Ақсақалов: “ТОРҒАЙДЫ ДАМЫТУ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА”
Ұлттық салт-сананың барометріне айналған Торғай өңірі айрықша қолдауға зәру. Кешегі тоқсаныншы жылдары экономикасы әлсіреп, тұрмысы тұралаған шалғай аудандарда халықтың үдере көшуі заңдылық еді. Төрт түліктің саны мейлінше кеміді, егістік көлемі азайды. Елдің бар мүлік-мүккамалы ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті. Сол қиындық қамытын киген өңір ауырпалықтың зардабын әлі тартып келеді.
Бірақ, мәңгілік ештеңе жоқ. Қалың бұлттың арасынан да күн шығады. Ел азаматтары туған жердің болашағынан үмітін үзбейді. Оны жергілікті тұрғындардың әңгіме ауанынан байқадық. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың өзі "ең бірінші ауылдың жағдайын көтеретін уақыт келді" деуі тегін емес. Сөзден іске көшетін заман келді. Осыны ескерген атқарушы билік халықпен қоян-қолтық жұмыс істеуге пейілді.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Торғай өңірінде барған сапарында осыны ұқтырды. Елде халықты тұрақтандыру үшін ең әуелі жұмыс орындарын ашу, әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру, тіпті, жаңа ғимараттар салу күн тәртібінен түспейді.
Өңір басшысының дайын нысандарға аялдамай, ескі, тозығы жеткен көне ғимараттардың жағдайымен танысуы осы сөзімізге дәлел. Мәселен, Торғайдағы "Балдырған" балабақшасы ғимаратының салынғанына жарты ғасырдан асқан. Жылу жүйесі ескірген. Күрделі жөндеудің мезгілі жеткен сияқты.
Бірақ, мәңгілік ештеңе жоқ. Қалың бұлттың арасынан да күн шығады. Ел азаматтары туған жердің болашағынан үмітін үзбейді. Оны жергілікті тұрғындардың әңгіме ауанынан байқадық. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың өзі "ең бірінші ауылдың жағдайын көтеретін уақыт келді" деуі тегін емес. Сөзден іске көшетін заман келді. Осыны ескерген атқарушы билік халықпен қоян-қолтық жұмыс істеуге пейілді.
Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Торғай өңірінде барған сапарында осыны ұқтырды. Елде халықты тұрақтандыру үшін ең әуелі жұмыс орындарын ашу, әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру, тіпті, жаңа ғимараттар салу күн тәртібінен түспейді.

"Бүгінде аудан орталығында 140 балаға тәлім-тәрбие беріп отырған жалғыз бөбекжайға жөндеу әбден қажет", – деді облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Бәйменова. Мекеменің жобалық-құндық құжаты дайын, техникалық сараптамасы әзір. Тек, тиісті қаржы бөлінсе, іске кірісу ғана қалып тұр. Облыс әкімі мұны бірден құптады.
"Балалардан ештеңе аямауымыз керек. Олар елдің ертеңгі үміттері. Сондықтан, көтерілген мәселе оңды. Егер сараптама, құжат мәселесі дайын болса, тиісті қаражат бөлінеді", – деп кесіп айтты.

"Тіпті, Арқалықта интернетсіз отырған елдімекендер басым, – деді облыстық ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасының басшысы Азамат Кашиев. – Дегенмен, келесі жылдың жоспарында оңтүстіктегі қоңсылас үш ауданға кең жолақты интернет желісін тарту мәселесі тұр. Кем дегенде сымсыз интернет жалғауымыз керек. Бұл – уақыт талабы".
Басқарма басшысының бұл уәжін облыс әкімі де қолдап отыр.

"Қазір ауыл шаруашылығы үшін де цифрландырудың маңызы ерекше. Сондықтан, бұл мәселе уақытылы көтеріліп отыр деп есептеймін. Халықты уақыт көшінен қалдырмау – басты міндеттің бірі. Кез келген тұрғын үшін интернет қолжетімді болуы тиіс", – деді Қ.Ақсақалов.
Облыс басшысы Торғайдағы Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының әдеби музейіне де бас сұғып, қос арыстан қалған құнды жәдігерлермен, Торғайдың әргі-бергі тарихымен етене танысты. Соңыра, торғайлық қоғам белсенділерімен шүйіркелесіп, бірқатар мәселені шешу жолдарын талқылады.



Әлібек ЫБЫРАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.
Арқалық-Аманкелді-Торғай
Арқалық-Аманкелді-Торғай