Ұлттық ойын қанат жайып келеді

«ЖАЛЫН» Жангелдин аудандық Жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде кезекті жобаны іске асырды.  26 желтоқсан күні Н. Ахметбеков атындағы мәдениет үйі, концерт залында аудандық білім бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Ұлттық асық ойындары» жобасының  аудандық семинар кеңес өтті. Қоғамдық тыңдау қонағы және спикері ұлттық асық ату  спортынан халықаралық, республикалық және де аймақтық турнирлердің жүлдегері әрі жеңімпазы, білікті жаттықтырушы, облыстық  «Асық ату» федерациясы директоры Қаршал Кәкашев болды.
Жобаның негізгі мақсаты – ұлттық асық ойындарын өңірде дамытып, іске асыру, мектеп оқушылары  жоба жұмыстарымен таныстыру. Жоба 2022 жылғы қазан-желтоқсан айларында өтті. Қоғамдық тыңдалым, яғни жобаның ашылу салтанаты және аудандық семинарға 30-ға жуық дене шынықтыру пәні мұғалімі және оқушылар қатысты.
Тыңдалым модераторы, ұйым төрағасы Мейрамбек Айбекұлы жобаның негізгі мақсаты, міндеті, іске асыру орындары және бағыты, яғни жоба бағдарламасымен қысқаша таныстырып өтті. Ал жоба авторы Қазбек Мұқатұлы жоба жайында толыққанды мағұлмат берді. Тыңдалым спикері және кеш қонағы Қаршал Төлегенұлы жоба қатысушыларына асық атудың қыр-сырын ортаға салды. Біз білмейтін айла-тәсілдерге қанық қылды. Сонымен қатар іс-шара барысында ұлттық асық ойындарының «Бестабан», «Бес асық» түрлерінің ережелері көрсетілді. 1 сағатқа жуық жүргізілген тыңдалым жұмыстарының соңында іс-шара спикерлері мен қонақтарына естелік сыйлықтар және аудандық білім бөлімінің арнайы дайындалған алғыс хаттары табыс етілді.
Сондай-ақ, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінің спорт зал базасында «ЖАЛЫН» Жангелдин аудандық Жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде «Ұлттық асық ойындары» жобасы аясында аудандық біріншілік өткізді. Ұлттық спортты насихаттауды басты мақсат еткен ұйым асық ойындарының «Бес табан», «Бес асық», «Көн, Омпы, Тасқала» түрлерінен оқушылар, жаттықтырушылар және ұлттық асық ойындарына қызығушылығы бар ауданның белсенді жастары сынға түсті. 30-ға жуық қатысушы бақ сынаға бәсекеде ерлер қауымы «Бес табан», «Көн, Омпы, Тасқала» түрінен жарысты. Оқушы қыз балалар «Бес асық», «Көн, Омпы, Тасқала» түрінен бақ сынады. Біріншіліктің бас төрешісі ҚР-ның Туризм және спорт министрлігіне қарасты спорт комитетінің Қостанай облысы бойынша «Асық ату» федерациясы төрағасы, жаттықтырушы Қаршал Кәкашев болды.
«Бес табан» ойынынан сужарғандық Сүндет Даниялға шақ келер қарсылас болмады. Екінші тұғырдан асық ойындарының аудандық біріншілігінің былтырғы жеңімпазы Ерболұлы Еркетай (Ш.Уәлиханов атындағы ЖББМ) көрінді. Үздік үштікті Тыныштық Ерасыл (Н.Г.Иванов атындағы ЖББМ) түйіндеді. Асық ату ойындарының «Бес асық» түрінен біріншілікті екінші мәрте Көркем Маратқызы еншіледі. Екінші жыл қатарынан чемпион атанып жатқан жас бүлдіршін  Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебінде оқиды. Біріншіліктің екінші орыны сужарғандық Айдана Қалиға бұйырса, үшінші орынды Нұргүл Жұмабек иеленді.
Ұлттық асық ойындарының «Көн, Омпы, Тасқала» түрінен ерлер арасында 23 қатысушы бақ сынасты. Оқушылар мен жаттықтырушылар және әуесқойлар арасында қызу тартыс көрініс тапқан ойында ерлер арасында Қанапия Қойдосов атындағы жалпы білім беретін мектеп мұғалімі Асылан Сейтқазиевке тең келер асық атушы болмады. Ойынның екінші орнына Уахит Мерей жайғасса, үштікті Дархан Манаш түйіндеді. Қыздар арасында жүлделі І-ші орын Нұридден Бибінұрға тиесілі болды. ІІ орынды Айсұлу Бауыржанқызы, ІІІ-ші орынды Көркем Ғалымжан қанжығылады. Біріншілікке қатысушылар арнайы ақшалай сыйақылармен және алғыс хат, медальдармен мараппатталды.
 
«ЖАЛЫН» Жангелдин аудандық Жастар ұйымы»
қоғамдық бірлестігі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓