Ұлт ұстазы ардақталды

– А.Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті мен Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты ұйымдастырған ғылыми конференция, симпозиум, форум түріндегі, онлайн және оффлайн форматтағы жиындар;
– Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің базасында қайраткер тұлғаның өмірін, қызметі мен мұрасын зерттеуге арналған «Ахмет әлемі» интерактивті порталын ашу;
– айтыс, мүшәйра, фестиваль, конкурс форматындағы республикалық және өңірлік деңгейдегі байқаулар;
– Ахмет туралы спектакль арқылы дәріптеуге арналған шаралар;
– сәулет және реставрациялық бағыттағы шара;
– ақпараттық-имидждік бағыттағы шаралар;
– мектептерге, көшелерге, әлеуметтік нысандарға мерейтой иесінің есімін беру.
Одан бөлек Ахаң туған жерінің инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары да қолға алынды.
Ахмет Байтұрсынұлы ауылына баратын жолды күрделі жөндеу жүргізіле бастады, алдағы жылдары аяқтау жоспарланған. Торғай өзені арқылы өтетін көпірлер жөнделді.
Ахмет ауылына жаңа медициналық пункт салынып, заманауи құралдармен жабдықталды. Сонымен қатар Ақкөл ауылындағңы да медициналық пункт күрделі жөндеуден өткізілді.
Сарытүбек қонысындағы Ахан туған үй қалпына келтіріліп, музей-үй етіп ашылды. Музей-үйдің алдына Ахметтің бюсті орнатылды. Байтұрсын әулетінің қорымы қоршалып, керемет ақ түсті Ахметтің кесенесі тұрғызылды. Демек, Ахаңның кіндік қаны тамған жерінде мемориалдық кешен жасалды. Бұл іске жергілікті тұрғындар жаппай қатысты. Соның ішінде ақсақал, ахметтанушы Ибраһим Ағытайды ерекше айтып өтуге болады.

Облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен «Ахаң жүріп өткен жол» экспедициясы халықаралық деңгейде ұйымдастырылды. Экспедиция Қазақстан, Ресей, Әзербайжан елдерінің архивтерінде жұмыс жүргізіп, бір қатар тың деректерді әкелді. Әзірбайжанда өткен түркологиялық съезде Ахметтің бейнесі түсірілген таспа табыллып, 1926 жылы өткен Түркологтар съезінің хаттамасының көшірмесі әкелінді, Архангельск қаласында Ахаң тұрған үйде табылған жәдігер – ескі үтік. Ахмет Байтұрсынұлы ның қызы Шолпанның өз қолымен жазған хаттары.

Ғалымдардың қатысуымен «Ұлтына ғұмырын арнаған» атты республикалық конференцияға жерлесіміз Қойшығара Салғарин бастаған еліміздің танымал ғалымдары қатысты. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтау сөзін ел жұртына жеткізді.
Бірқатар жазушылар мен ғалымдардың Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қыызметі туралы кітаптары жарыққа шықты. Соның ішінде Серікпай Оспановтың «Ұлт ұстазы», Алмасбек Әбсадықтың «Серт», Дмитрий Легкий, Ерден Ибраев, Әлібек Табулденовтың «Байтурсынов под надзором царской охранки (1905-1917 годы)».
І.Омаров атындағы қазақ драма театры ұжымы Тобыл – Торғай халқының назарына «Алаштың Ахметі» спектаклін ұсынды.
Алаштың арда азаматыныңмерейтойы ЮНЕСКО қолдауымен әлемнің бірнеше еліндетойланды.
Түркістанда түркі дүниесін зерттеп жүрген ғалымдар мен білім қайраткерлері қатысуымен Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған халықаралық түркітанушылар конгресі өтті. Ахмет Байтұрсынұлының қазақ, ағылшын, орыс, түрік тілдеріндегі таңдамалы шығармалары мен 12 томдық жинағы көпшілік назарына ұсынылады. Сондай-ақ «Алаш» қозғалысының басқа да қайраткерлерінің шетел архивтерінен, кітапханалардың сирек қолжазбалар қорынан алынған материалдары бойынша әзірленген жинақтың тұсаукесері өтті. 1926 жылы Бакуде түсірілген Ахмет Байтұрсынұлы бейнеленген таспаның түпнұсқасы елге жеткізілді.
«Қазпошта» АҚ мерейтойлық 2 миллион пошта маркаларын әзірлеп, қолданысқа енгізген болатын. Ал, Ұлттық банк «AHMET BAITURSYNULY. 150 JYL» коллекциялық монеталарын айналымға шығарды.
ТҮРKСОЙ аясында Ыстамбұл қаласында (Түркия) Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған «Ахмет Байтұрсынұлы және түркі өркениеті» атты ғылыми конференция өтті. Конференцияға Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Бағдат Әміреев, ТҮРКСОЙ бас хатшысы Сұлтан Раев, Халықаралық Түркі академиясы президентінің міндетін атқарушы Мажидли Физулижәне басқада ресми тұлғалар қатысты.
Франция астанасы Парижде UNESCO пәтерінде «Ахмет Байтұрсынұлы және ренессанстық өркениет» атты конференция өткізілді.
Осы іс-шараларға Қостанай облысынан Торғай музейлері кешенінің директоры Гүлбану Күлетқызы Сәрсекей қатысқаның мақтанып айтамыз.
Жылдың басында еңбек ұжымдарының облыстық ономастикалық комиссияға білдірген ұсыныстары қаралып, биыл Қостанай халықаралық әуежайға және Рудный қаласының №19 мектебіне Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді. Биылғы Ахаңның 150 жылдық мерейтойынан ізгілікті із қалды деуге болады.
Марғұлан ОСПАНОВ,
Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер
Халықаралық Одағының мүшесі