Ат тұяғы дүбірлеген күн





Төменде түрлі қашықтықтардағы бәйге жарыстарының жеңімпаздары және жүлдегерлерімен таныс болыңыздар.
Қостанай тұқымды құнандар арасындағы 1000 м қашықтықтағы ұшқыр жарыс:
І орын Берен (шабандозы Ринат Ертас), ат иесі Ұлттық ат спорты түрлерінен балалар мен жасөспірімдер мектебі (Заречный);
ІІ орын Коржик (шабандозы Матвей Ватюков), ат иесі Ғани Қыпшақбаев;
ІІІ орын Рассул (шабандозы Мария Кариева), ат иесі «Қазақ тұлпары» Қостанай жылқы зауыты.
Қостанай тұқымды құнандар арасындағы 1800 м қашықтықтағы ұшқыр жарыс:
І орынды Гүлжайна (шабандозы Ескендір Белдібаев), ат иесі Нұрбол Әбдрахманов;
ІІ орын Графиня құнаны (шабандозы Любовь Куралина), ат иесі Александр Рудольф (Қарабалық ауданы);
ІІІ орын Фандера (шабандозы Мерей Исин), ат иесі «Қазақ тұлпары» Қостанай жылқы зауыты.
Қостанай тұқымды құнандар арасындағы 5000 м қашықтық:
І орын Қызғалдақ (шабандозы Нұрасыл Ахметов), ат иесі Арман Еспергенов (Жітіқара ауданы);
ІІ орын Қарлығаш (шабандозы Шыңғыс Сайлаубековат иесі Абылай Алшымбаев (Ақмола облысы);
ІІІ орын Бүркіт (шабандозы Вячеслав Курдюков), ат иесі Мұқан Найымбеков (Қарабалық ауданы).
Аралас тұқымды құнандар арасындағы 4000 м қашықтық:
І орын Керемет, Ақмола облысы (шабандозы Шыңғысхан Сайлаубай);
ІІ орын Жұлдыз, Батыс Қазақстан облысы (шабандозы Арыстанбек Қуандық);
ІІІ орын Фаворт, Заречный (шабандозы Нұрасыл Ораз).
Аралас тұқымды жуан аттар арасындағы 16000 м қашықтық:
І орын Тойдуман, Ақмола облысы (шабандозы Тимур Харитон);
ІІ орын Кендибор, Қостанай ауданы, (шабандозы Берік Қалдыбек);
ІІІ орын Ақмоншақ, Ақтөбе облысы (шабандозы Иман Ахметов).
Қостанай тұқымды жуан аттар арасындағы 18000 м қашықтық:
І орын Занзибара, Ақмола облысы (шабандозы Тимур Харитон, ат иесі Әділет Тасмағамбетов);
ІІ орын Алғыр, Қарағанды облысы (шабандозы Әлихан Қайыржан, ат иесі Бүркіт Серікбеков);
ІІІ орын Бәйтерек, Ақмола облысы (шабандозы Дамир Данияр, ат иесі Әділет Тасмағамбетов).








