Сертификат табыстады

«Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығында мемлекеттік тілді В1 орта және С1 жоғары деңгейінде оқып, аяқтаған тыңдаушылар сертификат алды. Білімін толықтырғандардың қатарында ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті, Жылдам Қимылдайтын Арнайы Жасақ, ҚР ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай Академиясы, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері мен облыстық санитариялық-эпидимиологиялық бақылау департементінің мамандары бар. Бүгін 50 тыңдаушыға облыстық мәдениет басқармасының бөлім басшысы Ж.Наурызбаев сертификат табыстады.
­-Жылдың басынан бері курсқа жазылып, қазақ тілінен білгенімді толықтырып, жетілдіре түстім. Түрлі тақырыптарды қамтып, білімімді кеңейттім. Сабақ барысы өте қызықты әрі жеңіл, танымдық ойындар арқылы да өтті. Аптасына екі рет, жұмысқа еш кедергі келтірмейтіндей уақытқа қойылды. Біздің департаментте жоғары деңгейде білім алған мен ғана екенмін. Бүгін осы білімімізді растап, сертификат алғаныма қуаныштымын, ­- дейді облыстық ұлттық статикстика бюро департаментінің қызметкері Гүлбану Шапағат.
Шара соңында «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының ұжымына бірлесе жұмыс істегені үшін Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігі Қостанай облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Е.Омарбековтің Алғыс хаты табысталды.
– Біздің орталық тіл үйренемін деушілерді «Қазтест» жүйесінің бес деңгейлік бағдарламасы бойынша оқытады. Бүгін үздік аяқтағандар сертификатқа ие болып жатыр. Тыңдаушылар бағдарламаға сай жүз сағатты толық оқып, емтихан тапсыра отырып, үш деңгейді толық меңгерген соң ғана сертификат алады. Орталықта ағылшын тілінің де екі деңгейлі курсы бар, – дейді тілдерді оқыту орталығының басшысы Тоты Айтмағамбетова.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓