Түскен қаражат – тұрғындарға

Қостанайда ашық аспан астында алғашқы музыкалық фестиваль өтті
Қостанай музыкалық фестивалі – қазақстандық музыка индустриясының көптеген жұлдыздары қатысты. Бұл қала тарихындағы алғашқы музыкалық фестиваль.
Дәл осы фестивальде қала тұрғындары,қазақстандық жұлдыздар мен инфлюенсерлер жиналады.
Сахнада өздерінің танымал хиттерін Ирина Кайратқызы, «Ninety Оne» тобы, The Limba, Abdr., Darkhan Juzz, Miras Zhugunussov, Yenlik, Moldanazar, Akha, HIRO, Zheka Fatbelly, TerriTima танымал әртістер орындады.
Бірегей құрам, таптырмайтын жүргізушілер Марат Оралғазин мен Еркебұлан Мырзабек және 14 000-ға жуық көрермен бұл шоуды тамашалады
Іс-шараның басты демеушілері – «Олжа Агро» және «Allur» компаниялары.
Айта кету керек, билеттерді сатудан түскен ақша қайырымдылыққа жұмсалады. Облыстағы аутист балаларға  GPS сағаты сатып алынады. Жақында қайтыс болған қыздың ата-анасы Мәдина Ерланқызының отбасына «Олжа Агро» компаниясы жаңа үй сатып алып береді. Сондай-ақ, қаражат кешегі өрттен зардап шеккендер тұрғындарға және «Мектепке жол» акциясына көмектесуге жұмсалады. Бұл туралы «Олжа Агро» ЖШС директоры Айдарбек Ходжаназаров пен «Агромашхолдинг KZ»  АҚ президенті Динара Шүкижанова мәлімдеді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓