Өткенге тағзым – өнегелі іс

Қас-қағым сәтте ел ішінде дүрбелең тудырған оқиға әлі күнге жүректі шымырлатады. Қаншама жазықсыз жандар жапа шекті. Ірілі-ұсақты сауда нысандары, маңызды ғимараттар бұзақылардың шабуылынан зардап шекті. Қарапайым халықтың тірлігіне іріткі салғысы келген белгісіз топтардың әлегін айтып тауысу мүмкін емес. Ендігі біздің тілегіміз – мұндай бассыздықтар болмаса екен дейміз. Мәселенің түп төркінін түсінбей, желеу сөз, жалған айтақтау мен айыптауларға еруден сақтанайық. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген халық даналығы бар. Тұтасқан жұдырықтай мығым ел болсақ қана Тәуелсіздігіміз мәңгілік мыңжылдықтарға жалғаспақ. Артымыздан ерген ұрпағымыздың жарқын болашағы үшін аса бағалы егемендігімізді сақтап, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарайық. Алаш баласы арғы-бергі тарихында соқтықпалы, соқпақты жолдан өтті. Соның бәрі елдің бірлігі үшін жасалды. Ендеше, тыныштықты сақтау, ынтымақты нығайту әрқайсымыздың азаматтық парызымыз.
Бауыржан ЖҰМАБЕКОВ,
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің маманы