Тағзым белгісі, бірлік нышаны

Бүгін Алматыда ашылған тағзым ескерткіші де осынау ұмытылмас ұлт трагедиясының мәңгілік белгісіне айналары сөзсіз. Кең ауқымды кешен «қаңтар оқиғасының» нақ эпицентрі – Республика алаңынан орын тауыпты.
Мемориалдың ашылу рәсіміне Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев арнайы барып қатысты. «Қаңтар оқиғасында» қаза тапқан азаматтардың рухына тағзым жасады. Елдігіміз сынға түскен сол бір дүрбелеңнің себеп-салдары мен оның тәлім-сабағы туралы шешіле сөз сөйледі. Расымен де, көпсатылы сәулет кешені өскелең ұрпаққа елдегі бірлік пен тыныштықты насихаттап тұрар киелі орынға айналады десек болады. Бұл отандастарымызға Тәуелсіздіктің қадір-қасиетін ұғындыратын, оның көз қарашығындай сақтау қаншалықты қиын болса, алауыздық салдарынан әп сәтте уыстан шығарып алу да соншалық оп-оңай екенін ескертіп тұратын нышан іспетті. Сондықтан «Тағзым» ескерткішінің ашылуының тарихи, рухани мән-маңызы өте зор деп білемін!
Дәулет Жадырасын,
ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі