Айтыс арқауы – ұлт ұстазы
Бүгін Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай Қостанай қаласындағы №10 мектепте «Ұлттың ұлы ұстазы» атты өңірлік оқушылар айтыс өтті.

Бүгінгі ауа райы қолайсыз болғанымен, айтыс өнерін қастерлейтін халқымыз №10 мектепке ыстық ықыласпен келіп айтысты тамашалады, жас ақындарға қолдау көрсетіп, рухани ләззат алды.
Әсем безендірілген зал, ұлттық киім киген оқушылар, асқақтаған ән, күмбірлеген күй көрермендерді бірден баурап алды. Жалпы, өнердің ішінде айтыстың орны ерекше. Себебі, сөз өнері – қиялдың жүйріктігін, ойдың ұшқырлығын, тіл байлығын, халқымыздың тарихын терең білуді қажет ететін киелі өнер. Осы қасиеттер жас ақындарымыздан да табылып, сахна жырға бөленді.



1-орынды Қостанай қаласы Ә.Бөкейханов атындағы ЖББМ оқушысы Ғанимат Нағашыбай;
2-орынды Рудный қаласы Майлин атындағы №7 гимназия оқушысы Қарақат Сәбитбек;
3-орынды Қостанай қаласы Ғ.Қайырбеков атындағы № 9 ЖББМ Нұрсая Әбдіқалық иеленді.
Ал С.Мәуленов атындағы гимназия оқушысы Елімай Ыдырыш «Көрермендер көзайымы» номинациясымен марапатталды.


Айтысқа қатысқан барлық оқушыға қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Әділханқызының марапаты мен бағалы сыйлықтары табысталды.

Ермек Иманқұлов