Ұстаз мәртебесі артты
Білім саласы әр қашанда бірінші орында тұрары сөзсіз. Дегенмен, білімнің дамуы үшін еліміздегі ұстаздарды қолдау басты назарда екені айтпасақта түсінікті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2021 жылғы 1-ші қыркүйектегі "Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі" атты жолдауында "Біз ұстаздарды қолдау саясатын жалғастыра береміз" деп ұстаз мәртебесін айшықтап көрсеткен болатын.
Міне, бүгінгі күні жолдаудың айтылғанына екі жылға жуықтап қалды. Сол жылдардың ішінде ұстаздар мәртебесі айтарлықтай көртерілді. Оларға жағдай жасалып, көптеген игілікті істерге жол ашылды. Сапалы білім беріуне, шәкірт тәрбиелеуіне тың жобалар мен ізденістерге бет қоюға жол ашылды. Бұрындары қоғамдық жұмыста ең бірінші мұғалімдер жүретін, қағазбастылық, түрлі есеп беру тоқтатылды. Сонымен қатар мұғалімдер ұстаздық мамандықтан басқа салаға ауысқан кезі де болды. Ол жоғарыдағы айтқан қиыншылыққа төзбеуден. Қазір олай емес. Керісінше, білімге ынтық, пайым-парасаты қалыптасқан "ұстаз" қалыптасуына зор мүмкіндік туды.
Ел президенті аталмыш жолдауда тағы бір маңызды мәселені тілге тиек етті. Ол "Білім беру жүйесіне жігерлі әрі білікті мамандар қажет" деген нақтылы сөз еді. Иә, шынымен қандай орта болмасын жас мамандардың керегі анық. Президенттің сөзіне құлақ асып, педагогикалық мамандықтарды таңдаған жастар өте көп. Олар жаңа Қазақстанның жарқын болашағына шын жүректен сенеді. Ал ұстаздық мамандықты бітірген жастар болса өз мамандықтары бойынша қызмет істеп, елге пайдасын тигізуде. Бұл ел президентінің нақтылы шешімі мен болашаққа деген сенімді көзқарасының арқасы десек артық айтпағанымыз.
2019 жылдан бері қарай білім саласынан бөлек басқа салаларды алып қарайтын болсақ даму сатысы жоғары екені байқалады. Әлеуметтік-экономикалық, өнер, мәдениет өзге де қоғамға керекті салалардың даму деңгейі өте жоғары. Елдегі жастардың белсенділік күші айтарлықтай басым. Білімді ұрпақтан — білікті мамандар шығып, мемлекет өркендеуіне өз үлестерін қоса беруіне тілектеспін!

Хамит ДОСЖАН,
Арқалық қаласы және Аманкелді ауданының құрметті азаматы