Қарыз шартын жасасты
ҚР Сауда және интеграция министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, өңірлік әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялары және "Ақсу Қант", "Меркі қант", "Көксу қант зауыты" ел аумағында қант бағасын ұстап тұру жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісімге сәйкес, мемлекет зауыттарға жылдық 0,1%-пен шамамен 25 миллиард теңге қарыз бөледі. Бұл азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қант саласын дамытуға мүмкіндік береді.
"Тобыл" ӘКК-мен қарыз шартын жасасу үшін біздің облысқа Көксу қант зауыты белгіленді. 15 қарашада Көксу қант зауыты біздің облысқа қарыз алуға өтініш берді. Ал желтоқсан айында өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның отырысымен Көксу қант зауытына 1 118 млн.теңге көлемінде қарыз беру туралы шешім қабылданды.
Директорлар кеңесінің 15 желтоқсандағы шешіміне сәйкес «Тобыл» ӘКК «Көксу қант зауыты» ЖШС-мен жылдық 0,1% үстемақымен бір жыл мерзімге зауыттан 2 430 тонна қант жеткізу үшін қарыз шартын жасасты.
Әлібек ЫБЫРАЙ