Білім Олимпін бағындырды
7-8 наурызында Алматы қаласында «Жібек жолы» халықаралық олимпиадасы өтті. Бұл білім сайысында ел қоржынына түскен сегіз медальдің бірі қостанайлық оқушыға тиесілі. Жыл сайын өтетін олимпиада биыл дәстүрлі форматта Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде ұйымдастырылды. Еліміздің үздік оқушы математиктері білім сынында намысты қолдан бермеді..
Қостанай облысының атынан дарынды балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 2 оқушысы – 9-сынып оқушылары – Жан Даутов және Диас Исмаилов қатысты.
Диас бұл халықаралық олимпиадаларға алғаш рет қатысып тұрса, Жан екінші мәрте бақ сынады. Жан өткен жылы «Жібек жолы» олимпиадасында қола медальге ие болса, биыл топ жарып, жеңімпазы атанды!
Енді Жан мен Диас және олардың жаттықтырушылары 14-15 наурызда өтетін Азия-Тынық мұхиты математикалық олимпиадасына қатысады.

Сурет 2021 жылғы желтоқсандағы "Триумф" жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде түсірілген