Несиесі – несібесі

Облыстық  кәсіпкерлер палатасының қолдауымен "Атамекен-Қостанай" микроқаржы ұйымы елімізде бірінші болып кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасымен  жылдық 6% – пен жеңілдікті кредиттік қарыз беруді бастады. Жеңілдетілген несиеге алғашқылардың бірі болып қолы жеткен  арқалықтық  фермер Зинаркүл Дүйсекова мал өсіреді. Ол жетекшілік ететін "Бердібек" шаруа қожалығы  қара малды өз төлінен көбейтуге ден қойған.  
– Бизнес үшін мұндай қолдау өте маңызды. Қолға тиген  қаражат  мал басын көбейтуге сеп болады. Жақын арада  он ірі қара  сатып аламын. Бұл кәсібімді  кеңейтуге мүмкіндік береді, – дейді Зинаркүл Дүйсекова.
Мемлекеттің қолдауына сүйенген тағы бір кәсіпкер  – федоровтық  Виктор Гриб сауда нүктесін  кеңейтуді жоспарлап отыр. "Атамкен-Қостанай" МҚҰ басшысы Аманкелді Бекетаевтың  айтуынша, өңірде  қырықтан астам кәсіпкер несие алмақ. Олардың көбі ауылшаруашылық саласының өкілдері.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓