Еңбек еленген күн

Қостанайда Энергетиктер күніне орай Қостанай жылу-энергетика компаниясының қызметкерлерін марапаттауға арналған іс-шара өтті.
Қазақстанда Энергетиктер күні 2017 жылы күнтізбеге қосылды. Содан бері сала мамандары жыл сайын желтоқсанның үшінші жексенбісінде кәсіби мерекелерін атап өтуді дәстүрге айналдырған. Бұл – халықты жарықпен, жылумен қамтамасыз ету жолында қалытқысыз қызмет ететін мамандар ардақталатын күн. Қызметкерлерге құрмет көрсетуге арналған салтанатты кешті ҚЖЭК ұжымы биыл да ескерусіз қалдырмады. Үздік мамандар марапатталып, олар үшін концерттік бғдарлама ұйымдастырылды.
ҚЖЭК тарихы сонау 1941 жылдан бастау алады. Сол жылы Ресейдің Калинин қаласынан алғашқы жабдықтары әкелінген. 1942 жылы болашақ компанияның қаланып бітеді. Ал 1998 жылы 7 тамызда Қостанай қаласы әкімінің шешімімен «ҚЖЭК» МКК» аталды. Содан бері қаланың жүрегі секілді болып, қызметін бір мезетке де тоқтатпай істеп келеді. Бұл, бірінші кезекте, ұжымның табанды еңбегінің нәтижесі.
«Сіздер өмірлеріңізді энергетикамен – елдің жайлы өміріне, экономиканың дамуына негізгі серпін беретін тірек саламен, ауыр әрі маңызды қызметпен байланыстырдыңыздар. Бірде-бір мекеме-ұжым, зауыт-фабрика электр энергиясы мен жылусыз жұмыс істей алмайды. Тұрғын үйлердің, әлеуметтік нысандардың «бойына қан жүгіртіп» отырған да сіздер.», – деді Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Алмас Еріков.
Қазір компанияда мың шақты маман қызмет етеді. Жұмыстары көзге көріне бермегенімен, әрқайсысы қаланың қамсыз тіршілігі үшін зор еңбек сіңіріп отыр. Бүгінгі іс-шарада өз ісінің кәнігі мамандарының есімдері аталып, құрмет-қошемет көрсетілді. Үздік қызметкерлер Қостанай облысы әкімінің, қала әкімінің құрмет грамоталарымен, Қазақстан Электр-энергетика ассоциациясының «Құрметті энергетик» төсбелгілерімен және ҚЖЭК алғыс хаттарымен марапатталды.
Кәсіби мереке иелерінің құрметіне жергілікті өнерпаздар концерттік бағдарлама ұсынды.
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓