«Киік» шарасы жалғасуда

«Киік» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында қостанайлық тәртіп сақшылар заңсыз аң аулауға қатысты екі қылмыстың бетін ашты.
Ағымдағы жылдың 19-қаңтарында «Қайрақ» кеден бекетінен өткелі тұрған «Мазда» автокөлігін кезекті тексеру кезінде көлік ішінен киіктердің мүйізі табылды.
images (1)
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Ағымдағы жылдың 22-қаңтарында полиция қызметкерлері Қарабалық ауданының Песчанное-Славен ауылдары тасжолының бойынан «Honda Civic» маркалы автомашинасын тоқтатты. Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан Сібір елігіне ұқсас малдың еті мен жүні табылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Табиғат қорғау полициясының бастығы Талғат Ахметовтың айтуынша, «Киік» жедел алдын алу іс-шарасы басталғаннан бері 40-тан астам мобильдік топ құрылып, 55 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.
Айта кетейік, полиция қызметкерлерінің араласуымен 28 аң аулау және 21 балық аулау ережелерінің бұзылуы анықталып отыр. Сондай-ақ, қаруды алып жүру, тасымалдау ережесін сақтамаудың 4 фактісі, атыс қаруын сақтаудың 2 тәртібі бұзылған. Жедел алдын алу шарасы барысында 300 мың теңгеден астам әкімшілік айыппұл салынды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓