Індет ошағынан оралғандар оқшауда

Облыстық Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті СОVID-19 короновирусы өршіп тұрған елдерден келген азаматтарды қатаң бақылауға алды. Бұл – өңірде індеттің таралуына тосқауыл шара. Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, аймағымызда «1 а» санаты бойынша ауруханаға жатқызылғандар жоқ. Германия, Франция, Испаниядан келген 19 адам үйлеріне оқшауға алынған.13012593
«1 б» санаты бойынша 12 наурызда «Франкфурт-Нұр-Сұлтан» бағытымен ұшып келген 2 адам (ерлі-зайыпты)  облыс орталығында уақытша госпитальге жатқызылып, дәрігерлерге қаралуда. Олар ұшақта коронавирус ауру белгілері бар азаматтармен байланыста болған. Сараптама қорытындысы олардың инфекция жұқтырмағанын анықтады», – делінген баспасөз хабарламада.
Қазіргі таңда Қостанай облысының Ресеймен шекара аймағында 8 санитарлық-карантиндік пункті құрылған. Оларда дәрігерлер, эпидемиологтар мен шекара қызметкерлері тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Айта кету керек, тәулігіне 4000 адам шекараны кесіп өтеді. Эпидемия өршіп тұрған мемлекеттерден келетіндер Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандары елде және өңірде қолға алынған шаралар жөнінде барлық жолаушыларды хабардар етіп, өз кезегінде келушілер белгіленген нормалар негізінде келісімге қол қояды.
«Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің «Қазақстан Республикасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы» қаулысына сәйкес, облыс бойынша 7 кинотеатр және 14 балалар ойын-сауық орталығы жабылды. Өңірдегі жағдай тұрақты. Коронавируспен ауыратын науқастар жоқ», – делінген департаменттің ресми хабарламасында.
Қ.Қиысхан
Сурет интернеттен алынды

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓