Қостанайлық полицей самбодан чемпион атанды
Қостанай облысы Полиция Департаментінің Жедел әрекет ету арнайы жасағының инспекторы Асқар Абдулла Қазақстан Республикасының «Қабанбай батыр» мемориалы» кубогі үшін өткен ерлер арасында өткен жауынгерлік самбодан 98 келі салмақ дәрежесінде топ жарды. Семей қаласында өткен чемпионатқа Қазақстанның барлық өңірінен 400-ге жуық спортшы қатысқан. 98 келі салмақта күрескен жерлесіміз Абай, Жамбыл, Атырау облыстарының қатысушыларымен күш сынасып, айқын басымдықпен жеңіске жетті.
Полиция капитаны спортпен бала күнінен шұғылданып келеді. Ал самбомен курсант кезінен бастап кәсіби түрде айналыса бастапты. Қызметімен қоса, спортты қатар алып жүрген полицей самбо, қоян-қолтық ұрыс бойынша облыстық, республикалық турнирлерде талай рет жоғары нәтиже көрсеткен. -Семей қаласында өткен жарысқа кіл мықтылар жиналды. Жекелей сайыста алтын алдым. Ал командалық жарыста күміс жүлдеге ие болдық. Сайыс жоғары деңгейде өтті. Қостанай облысы Полиция Департаментінде спортпен шұғылдануға қажетті қолдау үнемі көрсетіледі, – дейді Асқар Абдулла.