Субсидия қаржысына қол салғандар сотталды
Қостанай облысында ауыл шаруашылығы субсидиясының 161 млн теңгесін жымқырған үш жемқорға үкім оқылды.Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысындағы департаменті берген мәліметке сүйенсек, сыбайластар агроөнеркәсіптік кешен нысандарына мемлекет қазынасынан бөлінген қаражатты қалталарына басқан.
«Белгілі болғандай, «Шығыс Запад» ЖШС директоры А.Нетесов, сондай-ақ сыбайластары Ж.Әнуарбеков және Д.Асанов 2018-2019 жылдары аралығында мемлекеттік бағдарлама аясында өңірдегі шаруа қожалықтарын алдап, 161 млн теңге бюджет қаржысын ұрлаған», – дейді департаменттің баспасөз қызметі.
Олар инвестициялық субсидиядан қаржы қымқырудың жоспарын тыңғылықты ойластырып алған. Өздері фермерлермен байланысып, олардың атынан жайылымды суаруға арналған құрылғылардың бағасын екі есе қымбат етіп көрсетіп, қаржылық құжаттар рәсімдейді. Жасанды жолмен үстемеленген қаражатты үш сыбайлас бөліске салып отырған.

Кінәлары толық дәлелденіп, сот оларға 5 және 6 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындады.