Балаларды қуантты
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ирина Аронова мен Иван Клименко Қостанай облысына жұмыс сапарымен келген болатын. Халық қалаулылары 1-шілдеден бастап күні бүгінге дейін әртүрлі іс-шараларға қатысуда. Тұрғындармен кездесулер өткізіп, қайырымдылық акциялардан да қалыс қалып жатқан жоқ. Сондай жарқын жүздесулердің бірі «Нұр Отан» партиясы Қостанай облыстық филиалында өтті.Партияның «Мейірімді жүрекпен» қоғамдық қозғалысы аясында жүзеге асқан «Мектепке жол» акциясына» халық қалаулылары қолдау білдірді. Акция аясында Қостанайдағы №2 түзету мектеп-интернатының екі оқушысына материалдық көмек көрсетілді. Алексей Гордиенко және Владимир Фрост есімді балаларға мектеп формалары, спорттық киімдер, сөмке және азық-түлік берілді.-Жетімін жылатпаған елдің ұрпағымыз. Ата-бабамыздың игі дәстүрін нұротандықтар жалғастыруда. Тұрғындарға материалдық көмекпен қатар психологиялық, құқықтық кеңестер беріледі. Партиялықтар ҰОС ардагерлерінің аулаларын қардан тазалап, пәтерлерін жинап берді. Қиналғанға көмек қолын созып, қайырымдылық жасау қастерлі қасиет,-деді «Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Ғазиз Бекмұхамедов. №2 түзету мектеп-интернатының тәрбиешілері «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына жазылып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына көмек беруін сұраған еді. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары азаматтардың өтініштерін жауапсыз қалдырған жоқ.
-Мемлекеттік бағдарламалардың өңірлерде орындалуы, Ұлттық қордан бөлінген бюджет қаржысының тиімді жұмсалуы өте маңызды. Себебі, жұмыс сапасына қарай халықтың тұрмысы түзеледі. «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына қатысып, азаматтардың өтініштерін шешуге тырысып жатырмыз. «Мектепке жол» акциясының тарихы Қостанай облысынан бастау алатынына қуаныштымыз. Қайырымдылық шарасы бүгінде республикалық сипатқа ие болып отыр,-деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ирина Аронова.

Қымбат ДОСЖАНОВА.
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.