Ақшаң болса қалтаңда…

Выдача государственных номеров20 қазаннан бастап Қостанай қаласы әкімшілік полициясы бөлімшесінде ақпараттық тақта жұмыс істей бастайды. Онда нақты уақыт тәртібінде автокөлік құралдарының мәртебелі деп саналатын мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері туралы ақпарат беріліп отырады.
Мемлекеттік тіркеу нөмірлерін беру іс-жосығының ашықтығы азаматтарға осындай нөмірлерді таңдауына мүмкіндік береді. Алайда оны сатып алу керек. 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777 сияқты нөмірлік белгілердің құны 400 000 теңгеден  асады. Ал  цифрлық белгіленуі 100, 11, 200, 222, 333, 400, 444, 500, 555, 600, 666, 700, 800, 888, 900, 999 нөмірлері 200 000 теңгеден артыққа бағаланған.
Ерекше мемлекеттік нөмірлік белгілерді сату 2014 жылғы 17 сәуірдегі "Жол жүрісі туралы",  "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне  жол  жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Салық туралы" заңдармен қарастырылған.
Жүргізуші өзіне ұнаған нөмірді таңдап алғаннан кейін өтініш жазып, белгіленген баж салығын төлеуі тиіс.
Мнауара
     Қабдырахметова
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓