Арқалық қаласының бас жоспары талқыланды

information_items_39365Қостанай облыстық мәслихаты күн тәртібінде тұрған ең өзекті екі мәселені талқыға салды. Ол Торғай өңірінің астанасы саналған – Арқалық қаласының бас жоспары және 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік "Ақ бұлақ" бағдарламасының өңірімізде орындалуының жоспары болатын. Алдымен Арқалық шаһары жөнінде тоқталған қаланың құрылыс және архитектура бөлімінің басшысы Тамара Данильчук атқарылған бірқатар жұмыстарды баяндап, бір жылға жуық жасалған бас жоспардың аясында не өзгерістер күтіп тұрғанын әңгімелей түсті. Халық қалаулылары қойған сұрақтарға да тосылмай жауап берді. Содан соң депутаттар өңіріміздің төрт бірдей шаһарына бас жоспарды жасаған "Казгипроград" жобалау институтының Арқалық қаласындағы өкілін тыңдады. Міне, осы жерде халық қалаулылары біраз жайтты тілге тиек етті. Әсіресе, қала халқының өсуі және оларды жұмыспен қамтамасыз ету мәселелері қаралмағанын баса айтты.
information_items_39364Сондай-ақ, ең маңызды құжатты дайындағанда ақпарат берушінің сол тақырып тұрғысынан мұқият дайындалу керектігін нығыздай түсті. Осындай себептермен бұл құжат әзірге бекітілмейтінін, келесі сессияда тыңғылықты әзірлікпен келу керектігін ескертті.
Ал, екінші мәселе – "Ақ бұлақ" туралы әңгіме өрбігенде Алтынсарин ауданының әкімі Батырбек Ахметовтың ауылға ауыз су тарту өтінішін көпшілікке оқып беріп, өңірімізде қызу қарқында жүргізіліп жатқан аталмыш мемлекеттік бағдарламаның бағыт-бағдарын пысықтай түсті. Бөлінетін қаржының жеті рет өлшеп, бір рет кесілу қажеттігін жеткізді.
Нұрболат
      МЕШІТБАЕВ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓