ҚР мәслихаттарына – 20 жыл
Биыл ҚР мәслихаттарының құрылғанына 20 жыл толып отыр. Айтулы датаға орай Қостанай қалалық әкімдігінде салтанатты жиналыс өтті.
Іс шарада қалалық мәслихаттың қызметі туралы айтылды. Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы Нұрлыбек Халықов халық қалаулыларының жиырма жылда атқарған жұмыстарына тоқталды. Сондай-ақ қалалық мәслихаттың 1-5 шақырылым депутаттары арнайы грамоталармен марапатталды. Ел игілігі үшін еңбектенген азаматтар "ҚР мәслихаттарына – 20 жыл" мерекелік медалімен наградталған болатын.
– Еліміздің тарихында небір қиын кезеңдер болды. Соның бәрін артта қалдырып, дамудың даңғыл жолына түстік. Уақыт өте қаламыз көркейіп, мыңдаған нысандар ел игілігіне берілді. Шалғайдағы ауылдарға ауыз су тартылды. Осынау жұмыстарға мәслихат депутаттары үлес қосты, – деді Қостанай қаласының әкімі Ахмедбек Ахметжанов.
Қымбат
ДОСЖАНОВА
Суретте: Қостанай қалалық мәслихатының хатшысы Нұрлыбек Халықов халық қалаулыларын марапаттауда.