Сын ескерусіз қалмайды

ҚР Парламенті Сенатының Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әмірхан Бектаев бастаған депутаттар сапарында Арқалық қаласының бірқатар шаруашылық және білім беру нысандарымен танысып, жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қалалық мәслихат депутаттары және жергілікті қоғамдастық өкілдерімен кеңес өткізді.
Кеңесті облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғ. Нұрмұхамбетов ашып, жүргізіп отырды. Мұндай сапарлар жергілікті жерлерде әлеуметтік-экономикалық жағдайды егжей – тегжейлі талқылауға және бірлескен даму жоспарларын жасауға мүмкіндік береді.
Арқалық қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттайтын мәселелерді қарастырғанда, 2021 жылы бір кездері қала құраушы кәсіпорын болған Торғай боксит-кен басқармасы соңғы жылдары өнеркәсіп өнімін өндіру көлемінің төмендеуіне байланысты  тоқтатылған болатын. Бірлескен күш-жігермен барлық қызметкерді жұмысқа орналастыру үшін қажетті шаралар қабылданды. Босаған нысандар жаңа өндірістер ашу үшін өңірлік бизнес субъектілеріне берілді.
Кеңесте облыстың оңтүстік өңірлерін әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспары таныстырылды. Онда өңірді теңгерімді дамытуға бағытталған бірқатар іс-шаралар көзделген.
Экономиканы әртараптандыру – заман талабы. Арқалық қаласының қазіргі жағдайы және қаланың даму барысы туралы қала әкімі Әмірхан Асановтың және оңтүстік өңірлерді дамыту туралы облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Марат Ерғалиевтің баяндамалары тыңдалды.
Өңірлерде жыл бойы өткізілген өнеркәсіптік өнім көрсеткіштерін арттыруда бірлескен жұмыстардың оң нәтиже бергендігі аталып өтілді. 2022 жылдың 10 айында Арқалық қаласы бойынша өнеркәсіптің нақты көлем индексі 108,6%-ке жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 38,4% жоғары. Оң динамиканы сақтау үшін өңір экономикасын әртараптандыруға бағытталған жұмыстарды одан әрі тиімді жүргізу қажет.
Қоғам белсенділері Тамара Соколова, Серік Түлекбаевтар жол қатынасы, денсаулық саласы, ауыз су т.б өзекті мәселелерді ортаға салды. ҚР Парламенті Сенатының комитет төрағасы Әли Әбдікәрімұлы халықпен кездесулерде көтерілген мәселелердің ешқайсының да ескерусіз қалмайтынын жеткізді. Кешенді жоспардың іс – шараларын іске асыру оңтүстік өңірлердің экономикасының өсу қарқынын ұлғайтуға, сондай-ақ, жеке инвестициялар ағынына серпін беріп, халықтың әл-ауқатын арттыруды қамтамасыз ететіндігі айтылды.                                                                                           
 
Мұрат Жүнісұлы,
Арқалық қаласы

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓