Құрбан айт ұлық мереке
Аталмыш мешіттің наип имамы Ж.Баймағанбетов барша жамағатқа Құрбан айттың ерекшелігімен оның қайырлы қасиеттерін насихаттап, уағыздады. Аудан әкімі А.Кенжеғарин мұсылман қауымды мерекемен құттықтап, әр шаңыраққа береке, елімізге тыныштық, дінімізге тұрақтылық тіледі. Ал Нүретден қажы біздің асыл дініміздің іргесі сөгілмей, арамызда ала ауыздық болмасын деп тілектестігін білдірді.