Зейнеткерге шабуылдаған
Жітіқара ауданында дүкенде болған қарақшылық шабуыл жайлы аlau.kz жазады. Бұл ақпаратты облыстық полиция департаменті растаған.
Тергеу барысында белгілі болғандай, тонау әрекетіне барған 54 жастағы ер адам бұған дейін де істі болған.
"Ол дүкенде 70 жастағы зейнеткердің азық-түлік үшін есептесіп жатқанын көріп, одан ақша сұраған. Ол сұрағанын бермеген соң күдікті асхана пышағын алып, жәбірленушінің денесіне жарақат салған", – делінеді хабарламада.
Күдікті анықталып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.