Редакциядан хабарландыру
Оқырмандар редакцияға хабарласып, «Қостанай таңы» газетінің ресми сайттағы электронды нұсқасының не себепті жабылғанын сұрап жатыр. Осыған байланысты айтарымыз, газеттің әр санының PDF-форматы алда қайтадан ашылады. Тек оны пайдалану бұрынғыдай тегін емес, ақылы жазылым жүргізілмек. Бұл – басылым түпнұсқасының таралымына кері әсері байқалғандықтан қолға алынғалы отырған шара. Қазір кез келген облыстық, республикалық газет-журналдың PDF-форматын тұтыну ақылы тұрады. Сондықтан бұл өзгеріске түсіністікпен қарайды деген үміттеміз. Газеттің электронды нұсқасына жазылу бағасы туралы ақпарат кейінірек хабарланады.