Халық оң өзгерістер бүгін және қазір болады деп үміттеніп отыр – Тоқаев

Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Экспресс К.
"Қордаланған мәселелер аз емес. 11 айда экономиканың өсімі 4,6 пайыздан 2,7 пайызға дейін төмендеді. Инфляция соңғы 14 жылда болмаған деңгейге жетті. Қазір бұл көрсеткіш — 19,6 пайыз. Ахуал жұрттың табысына және әл-ауқатына кері әсерін тигізіп отыр", — деді Президент.
Ол жуырда сайлау өткенін, бұл халықтың қазіргі билікке артқан зор сенімі және қолдауы ерекше болғанын атап өтті. Енді халық жақсы өзгерістер күтіп отыр.
"Азаматтарымыз нақты оң өзгерістер бүгін және қазір болады деп үміттеніп отыр. Осы үміт пен сенімді ақтау — алдымызда тұрған ең басты міндет әрі қастерлі парыз. Сондықтан сайлау алдындағы бағдарламаны жүзеге асыру үшін арнайы жоспар қабылданды",— деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы барлық іс-шара уақтылы және толық орындалуы керектігін айта келіп, енді әр министрдің, әкімнің жұмысы статистикамен, есеп-қисаппен емес, нақты нәтижемен өлшенетінін жеткізді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓