Волейболшылар жеңіспен оралды

Астана қаласында ЖОО арасында волейболдан «Ректор кубогы-2016» жарысы өтті. Қазақ технология университетінің спорт кешенінде екі күн қатарынан болған тартысты додаға 9 команда қатысты. Изображение 063
 Нәтижесінде Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының командасы (жаттықтырушысы – Қанат Қонысбаев) алтыннан алқа тақты. Оларға бәсекелес болған Еуразия ұлттық университетінің спортшылары күміс медалды қанағат тұтты. Қола медаль С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің еншісіне тиді. Жарыстың «Үздік ойыншы»,  «Үздік доп үйлестірушісі» атағы жерлестеріміз Асылбек Жәлел мен Ерсұлтан Хамитқа берілді.
 Жарыс жеңімпаздары дипломдармен, грамоталармен және медальдармен марапатталды.
 
Мұрат Жүнісұлы 
                                                                                     Арқалық қаласы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓