Жас кәсіпкердің жобасы

Қостанайлық студент Данил Корой жаңа ойын түрін ойлап шығарды. Онысы – танымал ойын "Монополияға" ұқсас жоба.
Ғаламтор пайда болғалы қолданушылар жаппай ақпарат алмасып, контент өндіре бастады. Қазір көпшілік қысқа-нұсқа ақпаратқа әуес. «Ғаламтор – мем» аз уақыт көлемінде барлық елді аймақтарда танымалдылығын арта түсуде.
«Кәсіпкерлікке деген қызығушылығым мектеп қабырғасынан бастау алды. Алғашқы ісімді аудармалар жасаудан бастаған едім. Мектеп кезінде сыныптастарыма мәтіні бар дайын парақшаларды сатумен айналыстым. Кейінірек фотосуреттерді басып шығаратын түсті принтерді иемденіп, бірте-бірте кәсібім шағын бизнеске айнала түсті»,-деп ой бөлісті Данил.
Данил Стартап жобасына кездейсоқ түрде тап келді. Startap Way жобасының бірінші кезеңі ЧелМУ университетінде өтіп жатқан кезінде, жас кәсіпкер осы бағытта өзін сынап көруді жөн көрді.
«-Үстел барысындағы ойынды шығару идеясы күтпеген жерден пайда болды. Мен қолымдағы бар жабдықтардан бастадым, тек қажетті құралдардың бөлігін сәл қайта өңдеуге тура келді. Жоба атауы-@oiyn.qz, ал ойынның өзі "Qandai mem" деп аталады. Ойын шарты – тандалған парақшадағы мәселеге қарап, оған тең келетін қолайлы және көңілді картаны таңдау»,-дейді Данил.
Qandai mem – бұл жобаның бірінші ойын түрі, кейін Данил монополияның қазақстандық аналогын жасауды жоспарлауда.
«Аталмыш жоба аясында маған демеу болған тәлімгерім – Шолпан Нұрқанова. Ол кісі менің ісіме көмек беріп, кез – келген мәселе бойынша үнемі өз нұсқаулығын айтып отыратын.  Сондай – ақ, оң көзқарас білдіріп, әрдайым ақыл – кеңесімен бөлісіп, қолдау көрсетіп жүретін Марат Бикеновты да атап өткім келеді», – дейді ол.
Қазіргі уақытта контенттің бұл түрін қарапайым қолданушы ғана емес, маркетологтар, саясаткерлер де, кәсіпкерлер де мақсатына сай кеңінен пайдаланады. Елімізде «ғаламтор – мем» жасауға мүмкіндік беретін, оларды бір жерге топтастыратын ресурс болмағанымен, кез келген халық өкілі бұл істі қолға алып,жоба негізінде іске асыруға мүмкіндіктер көрсетілген.
«Стартап жоба арқасында, менде өзге де полиграфиялық жобаларда қолдануға келетін қосымша жабдықтар қалыптасты. Алдағы жоспар – сапаны жаңарта отырып, ассортиментін ұлғайта келе, үстел ойыны мен өнімді брендингпен айналысуды жалғастыру»- дейді идея авторы Данил.
 
Дильназ Ізтілеуова,
3-курс журналистика

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓