Менің мұңым
Біздің ауыл Рудный қаласына өте жақын орналасқан. Қалаға дейін бар жоғы 13 шақырым. Десе де мұнда автобус атаулы жоқ. Тіпті таксидің өзі жоқтың қасы. Тек жақын деген аты ғана. Кейде қасымдағы құрбым Ақбота екеуміз ауылға барарда екі аяққа сеніп, жаяу тартып кетеміз. Түрлі жан түршігерлік оқиғаларды ес-тіген соң, қорқақтайтынымыз да бар.

Жақында анам қолын жарақаттап алды. Тез арада жедел жәрдем керек болды, себебі қолын тіккізу керек еді. Сол сәтте жан ұшырып, көлік іздедік, алайда таба алмадық. Екі ортаға көліктер қатынай бермейді. Бірақ анамның жолы болды. Сол сәтте бір кісілер Қостанайға жол жүргелі жатыр екен, сол кісімен дер кезінде жетіп қалдық. Егер ол көлікке үлгермесек, не болар еді? Екі жылдан бері ауыл маңында цемент зауыты салынып жатыр, сол зауытқа қатынайтын көліктердің жолдарын енді қалған 3 шақырымдық жерге жеткізуге болмас па екен…
Жарайды, оны былай алып қарағанда, даңғарадай Соколов Сарыбай кенбайыту өндірістігі жанымызда. Соны көргенде біздің ауылға да көз қиығын сала салғандары жөн болар еді. Оның ауасы адамдардың денсаулығына зиянын келтіріп жатыр, көктемде тіпті көкке көтерілген шаң-тозаңнан көз аша алмайсың. Қортындылай айтсам, ауыл жағдайы бейшара күйде. Менің жанайқайым барша ауылдықтардың мұңы.
Айтолқын Қадірбай,
студент.