“Триумф” жеңімпаздары марапатталды

ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында Қостанай облысындағы талантты оқушылар, олардың ұстаздары мен жаттықтырушылар марапатталды. Дарынды жастарға жыл сайынғы «Триумф» жүлдесін облыстық білім басқармасының басшысы Зәуре Бәйменова табыстады. «Триумф» жүлдесі республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық, шығармашылық және интеллектуалдық байқауларда жүлде алған оқушыларға беріледі. Халықаралық байқауларда еліміздің намысын қорғап жүрген жастарға ақшалай сертификаттар мен «Триумф-2022» естелік мүсіншесімен марапатталды.  Жыл бойы жоғары жетістіктерге жеткен өнерлі оқушылар өздерінің жетістіктерін баяндады. Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.

Әсел Қибаш, 

Суреттерді түсірген Б. АХМЕТБЕКОВ.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓