Күй күмбірі

меруерт толганайАлматыдағы П.И.Чайковский атындағы музыка колледжінің IV курс студенттері Толғанай Хасенова мен Меруерт Мырзагерей Меңдіқара ауданының жастары. Олар аудандағы Ғ.Жұмабаев атындағы мектептің, аудандық музыка мектебінің домбыра сыныбының түлектері. Жақын арада өнерлілер ауданда болып өздерінің өнерін көрермендерге тарту етті. Бұл жолғы концерт өзгеше болды. Халықтың ежелгі қыл қобыз, домбыра,  шаң  қобыз  және жетіген аспаптарының орындауындағы шығармаларды орындап, көрермендердің жоғары бағасын алды. Қос музыканттың орындауындағы  Ермұрат  Үсеновтың "Шәмші-дастан", Ж.Темірғалиевтың "Өмір толғауы", халық әні "Маусымжан", Н.Тілендиевтің "Аққу" күйлері тыңдармандарды тәтті сезімге бөлеп, бір серпілтіп тастады.
– Толғанай Хасенова мектепте оқып жүрген кезінен-ақ өнерімен көзге түсіп, жас домбырашы атанып "Домбыра сазы" халық ансамблінің белді мүшесі болған. Толғанай өнердегі ұс-таздары Хамит Мұстафин және Жанболат Сәуекеновтың шәкір-ті болғанын мақтанышпен айтады. Олардың орындауындағы Қазанғаптың "Былқылдақ", Тәт-тімбеттің "Сарыжайлау" және Е.Үсеновтың "Шәмші-дастан" шығармалары өнер сүйер қа-уымды қуанышқа бөледі. Тол-ғанай Хасенова мен Меруерт Мырзагерей өткен жылы Алматыда Құрманғазы атындағы консерваторияда өткен республикалық халық аспаптар байқауына домбыра мен жетігеннен қатысып, Толғанай Хасенова ІІІ дәрежелі, ал Меруерт Мырзагерей болса қыл қобыздың ІІ дәрежелі дипломанты болған. Қос өнерпазға өнерлерің өрге жүзсін дегім келеді, – дейді аудандық мәдениет үйінің "Домбыра сазы" халық аспаптар оркестрінің жетекшісі Бақытжан Сәуекенов.
Музыка мектебінің фортепиано сыныбының мұғалімі Светлана Андреевамен қосылып тартқан күйі ерекше орындалды. Жалпы өнерлі өрендер: "мақсатымыз халықтың домбыра, жетіген, қыл қобыз және шаң қобыз секілді музыкалық аспаптарын насихаттау", –  дейді. Биыл оқу орнын бітірген соң екі өнер иесі де консерваторияда қалу ойлары бар екенін де жасырмады.
Кеш соңында аудандық музыка мектебінің директоры Ирина Егоркина қос өнер иелеріне алғыс айтып, естелік сыйлықтар табыс етті және суретке түсті. Өнер сүйер қауымға Толғанай Хасенова өзінің ризашылығын білдіріп, алғысын айтты. Қос өнерпазға сәттілік тілеп, үлкендер батасын берді.
Айтолқын
    АЙҚАДАМОВА
Меңдіқара ауданы.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓