Айыппұл төлейтін болды
Қостанай қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Түрік Республикасының алты азаматына қатысты әкімшілікті іс қарастырылды.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, үстіміздегі жылдың 22 қазанында кешкі 18.00-дер шамасында полиция қызметкерлері тұрғылықты мекенжай бойынша тексеру барысында алты түрік азаматын ұстайды. Олар "Қайрақ" кеден бекеті арқылы келіп, облыс орталығындағы Қасымханов көшесіндегі мекенжай бойынша тіркелген, бірақ шын мәнінде қаладағы Дружба көшесіндегі "Саламат" ЖШС-на тиесілі аумақта өмір сүріп келген. Осылайша, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған шетелдік азаматтар 40 АЕК көле-мінде, яғни 74080 теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қарлығаш
ОСПАНОВА