Есірткімен ұсталды

«Қайрақ» шекаралық бақылау бекетінде қолға түскен қазақстандық азамат «Рудный-Челябі» бағытымен жолаушылап бара жатыпты. «Лада Гранта»  автокөлігін міндетті тексеру шаралары барысында, «Мандаринка» атты қызметтік ит есірткі жасырылған жерге бірден ұмтылған. 33 жастағы азамат есірткіні оң жақ аяғына, балақ астына тығып, елден әрі алып өтпекші болыпты.ес3ртк
Күдіктінің шұлығынан полиэтиленді қалташалар табылып, жасыл түсті есірткілік заттар тәркіленді. Кейін бұлардың гашиш пен марихуана екені анықталды. Әр қалташа салмағы –15 грамды құрады.
Осы деректерге қатысты материалдар Қарабалық ауданының ІІБ қызметкерлеріне жолданды.
 
Жандос Жүсіпбек

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓